Қоғам

Мыңнан астам петропавлдық біржолғы төлем алған

Оразғали Әлдекеев – Ойқала ықшам ауданының тұрғыны. Табиғи апаттың салдарынан кара шаңырағын су басып, жанұясымен бірге қаладағы колледж жатақханаларының бірінде тұрып жатыр. Осыдан бірнеше күн бұрын ер азамат біржолғы төлем алуға өтініш білдірген. Көп ұзамай тиесілі қаражатын алған.

ОРАЗҒАЛИ ӘЛДЕКЕЕВ, қала тұрғыны:

– Өтініш жаздым. Қызым кеше кешке ақша түсті деп хабарын берді. 0:52/ Бұған дейін 1 аптадай туысқандарымыздың үйінде тұрдық. Қазір жатақханада тұрып жатырмыз. Мүгедек інім бар. Осындағы жандар оны қарауға көмектеседі. 2:18/ Бізді 2017-ші жылы да су басты. Тек су төбеге дейін жетпеді.

Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің жатақханасында тұрып жатқан жандардың 5-еуі осындай өтемақы алды. Мұндағы эвакопунктке қалалық мәслихат депутаты Болат Қожахметов келді. Ол тұрғындармен тілдесіп, біржолғы төлем қалай рәсімделетіні жайынды түсіндіріп айтып берді. Өйткені, қазір көбін мазалайтын мәселе осы – бірреттік төлем мен өтемақы. Депутатқа тұрғындар толғандырған сұрақтарын қойды.

БОЛАТ ҚОЖАХМЕТОВ, қалалық мәслихат депутаты:

– Біздің басты мақсатымыз – тұрғындарды тыңдап, мазалаған сұрақтарына дұрыс әрі толыққанды жауап беру. Көбі “Біржолғы төлем алу үшін қандай құжаттар керек?”,- деп сұрайды. Осы жатақханада тұрып жатқан тұрғындардың барлығы дерлік өтініш берген. Тек соңғы қалған 2-еуі ғана кеше жазыпты. Жалпы, қала бойынша мыңнан астам адам біржолғы төлем алды.

Кәсіптік-педагогикалық колледжінде су басқан аумақтардан эвакуацияланған 100-ден астам адам тұрып жатыр. Оның 46-сы отбасы мүшелері болса, 16-сы – жалғызбасты жандар. Жатақханаға көшірілгендердің 30-ы – балалар.

 

Гүлден Сембаева