Құқық қорғау органдары

Су басқан жерлерде жүзден астам полиция қызметкері кезекшілік атқарып жүр

– Принято. – Обстановка норма.

Қаладағы Ойқала ықшам ауданы мен өзге де жерлерде судың деңгейі төмендегенімен полиция қызметкерлері тәртіпті қадағалауды жалғастыруда. Тұрғындар баспаналары мен қора-қопсыларын қарап кетеді. Жалпы, мұндағы қарбалас – полиция қызметкерлерінің жіті назарында. Аумаққа өткен әр көлік тексеріледі. Тұрғындар су басқан жерлерге тек билік өкілдерімен бірге өте алады.

НАДЕЖДА МАКАРЕНКО, Ойқала ықшам ауданының тұрғыны:

– Келген сайын полиция қызметкерлерін көремін. Әр жерде жасақтар жүргендіктен ұрлыққа да жол берілмейді.

Тәртіп сақшылары аумақты қайықпен де, жаяу жүріп те патрульдейді. Мақсат – ұрлыққа жол бермеу, құқықтық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Полицейлер екі ауысыммен тәулік бойы қызмет атқарады.

ТАЛҒАТ АУҒАЛИЕВ, қалалық ПБ ППБ инспекторы:

– Мұнда күн сайын күні-түні қоғамдық тәртіпті сақтап, патрульдеу жұмысын жүргіземіз. Қайықпен де шығып күзетеміз. Таяз жерлерде жаяу жүреміз.

Жалпы, Ойқала шағын ауданында тәртіпті қадағалауға 150-ге жуық тәртіп сақшысы тартылған.