Құқық қорғау органдары

Қырағы қызметкер

Өз ісінің маманы. Өткен аптада қалалық учаскелік полиция қызметкері Нұрбек Қайыров жұмыс орнына келе жатады. Ол К.Сүтішев пен М.Жұмабаев көшелерінің қиылысындағы бағдаршамның жасыл түсі жанса да «Mitsubishi» маркалы көліктің орнынан қозғалмай тұрғанын көреді. Көлікке жақындай бере рөлде отырған қызда эпилептикалық белгілердің басталғанын байқады. Полиция қызметкері бірден алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жас қыздың өмірін құтқарып қалады. Жедел жәрдем келгенше қыз есін жиып үлгеріпті.

 

Ақжүніс Мұқатай