Қоғам

Алматы қаласынан 20 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді

Мына кезекті гуманитарлық көмек Алматы қаласынан жеткізілді. Оңтүстікқазақстандық кәсіпкерлер мен мәслихат өкілдері тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға 20 тонна көмек жинапты. Жүк көлігінің ішінде ауызсудан бастап төсек-орынға дейін бар. Жүрегі жомарт жандар тіпті сәбиге арналған дүниелерге дейін салып жіберген. Оларды қазір әскери қызметкерлер рет-ретімен түсіріп, тізіп жатыр.

БЕЙБІТ БОЛАТҰЛЫ, Алматы қалалық мәслихатының депутаты:

– Көмегіміз молынан болсын. Сауаптан тисін. Тізім бойынша сұралған нәрселерді толығымен жібердік.

20 тонна керек-жарақ қаладағы 3 қабылдау пунктіне жіберіледі. Содан кейін барып табиғи апаттан зардап шеккен жандар арасында үлестіріледі. Қалаға еліміздің түкпір-түкпірінен келіп жатқан гуманитарлық көмектің түрі де, салмағы да көп. Қазіргі таңда “Радуга” серіктестігінің алдында бос орын жоқ. Контейнерлер киім-кешек пен азық-түлікке лық толы.

БОЛАТ ДАНИЯРОВ, «AMANAT» партиясы СҚОФ атқарушы хатшысының орынбасры:

– Мына жерде орын тапшылығы сезіліп жатыр. Келіп жатқан тауардың көлемі үлкен. Қазіргі күнде біздің жігіттер шығады. Туыстас Тәжікстан халқы осы жерге гуманитарлық көмек жіберіп жатыр. Мына қалада орын жоқ, сондықтан да жергілікті атқарушы органдар Смирново станциясына тауарды түсіріп, сол жерде қабылдамақ ой бар. Нақты жұмыс істеп жатқан осы жер.

Жалпы, бүгінге дейін “Радуга” серіктестігі аумағындағы арнайы қабылдау орнына 400 тоннадан астам гуманитарлық көмек түсірілген.

 

Гүлден Сембаева