ТКШ

Жылыту маусымы аяқталуға жақын

Қала әкімі Серік Мұхамедиев жылыту маусымын аяқтау туралы қаулыға қол қойды. Сәуірдің 22-сінен бастап әуелі көпқабатты үйлердегі жылу тоқтатылады. Кейін кезек білім беру ұйымдары мен медициналық мекемелерге жетеді. Жалпы, бұл процесс 10 күн бойы жүреді. Жылыту маусымын аяқтау үшін шамамен үш күн бойы ауа температурасы +10 градустан жоғары болуы керек.

 

Гүлден Сембаева