ТКШ

Су тасқынынан зардап шеккендерге энергия үшін уақытша есептеу жүргізілмейді

Жерлестерімізге жасалған жәрдем! «Севказэнергосбыт» серіктестігі үйлері топан судың астында қалған тұрғындардан көшірудің ресми кезеңінен бастап электр және жылу энергиясы үшін төлем алмау туралы шешім қабылдады. Баспана мәселесі ресми түрде шешілмейінше оларға айыппұлдар мен өсімпұлдар тағайындалмайды. Сонымен қатар, тұтынушыларға өткен кезеңдердің қарыздарын бөліп төлеуге мүмкіндік беріледі. Ол үшін әр тұрғын М.Жұмабаев көшесі, 66 мекенжайы бойынша орналасқан орталыққа бару қажет. Ең бастысы, азамат өзімен бірге жеке куәлігін алуы тиіс. Егер зардап шегуші қаладан тыс жерде болса, аудандық бөлімге жүгіне алады.

 

Гүлден Сембаева