Қоғам

Су тасқынына қарсы кезеңде қабылданатын шаралар туралы

Өңірде тасқынға байланысты құрылған қоғамдық штабтың жұмысы жалғасып жатыр. Оның барысы жайлы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында айтылды.

АЙГҮЛ МҰРАТОВА, СҚО бойынша қоғамдық штаб мүшесі:

– Штаб қызметкерлері күн сайын жергілікті жерде барлық зардап шеккен адам өтемақы алу үшін құжаттар пакетін жинауға көмектеседі. Екінші деңгейлі банктермен келісімге келдік. Ортақ келісім аясында халықты жұмыспен қамту орталығына ұсынылатын арнайы шот қаржы ұйымына бармай-ақ ашылатын болды.

Қоғамдық штаб мүшелері гуманитарлық көмек таратылатын орындарға да барады. Мұнда жұмыс барысы бақыланады.

АЙГҮЛ МҰРАТОВА, СҚО бойынша қоғамдық штаб мүшесі:

– Өтініштерді қалыптастыру, есептеу, сұрыптау жұмыстары ұйымдастырылды. Қауіпсіз жерге көшірілген адамдардың барлығына көмектерді жеткізу жағы да ойластырылды. Жұмыс белгілі бір тәртіп бойынша жүргізіліп жатыр.

Бүгінгі күнге дейін штаб өкілдерімен 90-нан астам кездесу өткізіліп, 5,5 мыңнан астам адам кеңес алыпты. Айгүл Мұратова сөз соңында
тиісті бағыттағы жұмыстар әрмен қарай жалғасатынын айтты.

 

Байболат Құлтанов