Аптадағы маңызды жаңалықтар

Пестрое көліне резервтік сорғы станциясын орнату жұмысы басталды

Петропавлдағы Пестрое көліндегі понтонға қалқымалы сорғы станциясын орнату жұмысы басталды. Бүгін маңызды істің барысымен аймақ басшысы және Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр танысты.

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Бұл көлдегі су деңгейі төмендеген жағдайда облыс орталығына үздіксіз су беруді қамтамасыз етпек. Бұдан соң Тепличное ауылы мен Заречный кентіне қайықпен барып, Петропавл су торабында да болдық. Жалпы, Петропавлдағы Есіл өзенінде су деңгейінің біртіндеп төмендеуі байқалады. Жағдайды бақылап отырмыз.

 

Ақжүніс Мұқатай