Білім

Облыста 33 мыңнан астам оқушы қашықтықтан білім алуда

Облыс бойынша 29 эвакоқабылдау қосыны құрылған. 22-сінде 200-ден астам бала бар. Ал қалада осындай 12 қосын болса, ондағы ұл-қыздар саусақпен санарлық. Өңірдегі ахуалға байланысты қазір оқушылар қашықтықтан оқуға мәжбүр.

ТАТЬЯНА ПРОТОПОПОВА, СҚО білім басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы:

– Облыста 458 мектеп бар. Онда 75 мыңнан астам ұл-қыз оқиды. Өздеріңіз білесіздер, Есіл, Тайынша және Қызылжар ауданы, сонымен қатар, Петропавл қаласында төтенше жағдай жарияланды. Осыған байланысты оқушылар қашықтықтан оқиды. Қазіргі уақытта 33 мыңнан астам оқушы онлайн форматта білім алуда. Ал Қызылжар ауданында 5 мектеп қалыпты форматқа оралды.

 

Гүлден Сембаева