Қоғам

ХҚКО-ның мобильдік топтары тұрғындарға эвакопункттерге барып, қызмет көрсетуде

Айтып келмейтін апат кезінде халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлерінің міндеті көбейді. Олар аманаттықтармен бірлесе жұмыс істеп, тасқыннан зардап шеккен жандардың құжаттарын қалпына келтіруге көмектесуде. Мұндағылар өз жұмыс орындарында ғана жұмыс істеп қана қоймай, эвакопункттерге барып қызмет көрсетеді.

АНАР ҚҰСАНОВА, “Азаматтарға арналған үкімет” МК” КЕ АҚ СҚОФ PR-менеджері:

– Жиі көтерілетін мәселе – біржолғы төлем алу. Осындай сұрақпен келген адамға бәрін түсіндіріп береміз. Жоғалған құжаттарды қалпына келтіру үшін біз архивке жүгінеміз.

Бүгін мамандар Д.М.Карбышев атындағы №40 орта мектептегі эвакопунктке барды. Барлық қызмет көрсетілді, түсіндірме жұмысы жүргізілді. Мамандар үйге, жерге қатысты құжаттарды арнайы мекемеге жүгініп, қалпына келтіру керектігін айтты. Бір аңғарғанымыз, тасқын қаупі қанша рет ескертілгенімен, құжаттарыннан айырылғандар саны өте көп.

ГҮЛФИРА РАМАЗАНОВА, “Amanat” партиясы СҚОФ қабылдау бөлмесінің меңгерушісі:

– Осы апта бойы біз облыс бойынша көмекке зәру 1000 адамға жәрдемдестік. Өзіміздің 6 мобильдік тобымыз бар. Алтауы да облыс орталығында жұмыс істеп жатыр. Әр мобильдік топта 7-8 адамнан бар.

Қазіргі таңда ХҚКО-ның өңірдегі филиалындарында 700-ге жуық адам жұмыс істейді.