Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов “Қазақстан — Еуроодақ” диалогтық платформасының 14-ші отырысын өткізді

Отырысқа Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттердің дипломатиялық миссияларының басшылары, сондай-ақ бірқатар еуропалық компаниялардың топ-менеджерлері қатысты. Күн тәртібінде сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелері қаралды, су ресурстарын басқару және ауыл шаруашылығын дамыту саласындағы бірлескен жұмыстың перспективалары белгіленді. Қазақстан үкіметінің басшысы елдегі күрделі су тасқыны жағдайында тұрақты су инфрақұрылымын дамыту үшін ЕО елдерімен әріптестікті кеңейтудің маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті.

“Табиғи апаттың ауқымы мен салдары бізден ресурстарды дұрыс пайдалану және болашақта осындай оқиғалардың алдын алу үшін түбегейлі жаңа тәсілдерді талап етеді. Бұл мәселеде бізді Еуропа елдері мен компанияларының озық тәжірибесі мен дамуы ерекше қызықтырады. Қазақстан үкіметінің күш — жігерін Еуроодаққа жәрдемдесу бағдарламаларымен үндестіру маңызды”, – деп атап өтті Олжас Бектенов.