Қоғам

Жалған ақпарат таратқан әйелге айыппұл салынды

Петропавлда 47 жастағы әйел шынайы істі жалғанға балап елді дүрліктірген. Қала тұрғыны гуманитарлық жүк түсіріп жатқан
еріктілердің іс-әрекетін ұрлыққа теңеп, телефонға түсіріп алған. Содан кейін видеоны әлеуметтік желіде таратып жіберген. Жалған ақпарат таратқан нәзікжанды жауапкершілікке тартылды. Айыппұл төлейді. Ал еріктілер түсірген жүк су тасқынынан зардап шеккен Большая Малышка ауылына жіберіліпті.