Аптадағы маңызды жаңалықтар

Тасқыннан зардап шеккендерге пәтер ұсынылады немесе үй салынады

Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Скляр мен облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қаладағы №4 орта мектепке барды. Қазіргі уақытта бұл жерді үйлерін су басқан 44 петропавлдық паналап отыр. Оларға бар жағдай жасалған. Құқықтық көмек те көрсетіледі.

– 1178 мы приняли. Из них в том числе по отсрочке кредитов. Банки работают с нами дают разъяснения
– Надо давать разъяснения. Люди в такой ситуации, надо помогать, разъяснения давать.

Кездесуде көкейде жүрген мәселе де көтерілді. Тараптар саяжай тұрғындарына көмек көрсету жайын талқылады.

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Ешкім назардан тыс қалмайды. Бірреттік көмек, яғни 100 АЕК көлеміндегі ақшалай қолдау саяжай тұрғындарына да беріледі. Егер сіздердің басқа тұратын жерлеріңіз болмаса, біз бұл түйткілді де шешеміз. Премьер-Министрдің бізге берген тапсырмасы бар. Бүгін де осы сұрақ бойынша жиын өтті. Ал құжаттарға келетін болсақ, барлығын қайта жасап, рәсімдеу керек.

Ал №43-ші орта мектепте орналасқан эвакуациялау орнында қазір 31 адам тұрады. Олардың төртеуі – бала. Роман Скляр мен Ғауез Нұрмұхамбетов мұндағы тұрғындарға да мемлекет тарапынан көмек қарастырылғанын атап өтті.

– Документы забрать успела. – Вы в частном секторе живете? – Да, барак на 4 хозяина. Сосед заходил, говорит по пояс. – Поголовье, ничего не держали? – Нет, ничего не держали… Я работаю.

Роман Скляр мен Ғауез Нұрмұхамбетов Петропавл қаласының гуманитарлық-техникалық колледжінің жатақханасына да барды. Бұл жерге Ойқала мен Былғары зауыты аудандарындағы үйлері тасқын суда қалған 39 адам орналастырылған. Олардың алтауы – бала.

РОМАН СКЛЯР, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары:

– Алдымен тұрғындарға пәтерлер ұсынамыз. Жаңадан салынып жатқан баспаналар бар. Жақсы жиһаздалған тұрғын жайларды қарастырып көруге болады. Ал жер үйлерді Солнечный кентінен саламыз. Кәдімгі 80 шаршы метрлік баспаналар болады. Бірақ, ол үшін 4-5 ай күтуге тура келеді.

Өңір басшысының айтуынша, су тасқынынан зардап шеккендерге біржолғы төлем жасау үшін 403 млн теңге бөлінген.

 

Байболат Құлтанов