Қоғам

Пестрое көлінің ортасына резервтік сорғы станциясы орнатылады

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мен облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов таңертең Пестрое көлінде болды. Мұнда резервтік сорғы станциясы орнатылмақ. Ол тұрақты түрде қызмет көрсету үшін су айдынының дәл ортасына қойылмақшы.

МАРАТ ТАСМАҒАНБЕТОВ, СҚО әкімінің бірінші орынбасары:

– В ближайшие дни она будет готова для того, чтобы это был надёжный резерв в случае снижения уровня воды на озере Пёстром.

Роман Склярдың айтуынша, Пестрое көліне сорғы станциясын орнату – қазіргі уақытта қаланы сумен қамтамасыз етудің негізгі көздерінің бірі. Бірінші вице-премьер барлық жұмысты тезірек аяқтауды тапсырды.

РОМАН СКЛЯР, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары:

– Бірінші сатыға көтеру сорғы станциясы суда ұзақ болады. Өкінішке орай, ол толығымен тасқынның астында қалды. Әлі кептіру жұмысы жүргізіледі, жабдықтар ретке келтіріледі. Енді негізгі су көлден алынбақ. Жақында қосымша сорғы станциясы іске қосылды. Ол да жақын жерде орналасқан. Әріптестер, уақыт тапшы. Қойылған міндет жақын арада орындалуы керек.

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Все материалы есть. Я думаю, в короткое время это сделаем. Стоит задача в пятницу-субботу это всё запустить, и чтобы она уже была в работе.

Резервтік су алу көзі қазір тыңғылықты әзірленіп жатыр. Маңызды жұмысты «Қызылжар су» серіктестігінің мамандары атқаруда.

САЙРАН ЫСҚАҚОВ, «Қызылжар су» ЖШС жөндеу-көлік қызметі кешенінің бастығы:

– Оны көлдің ортасына қоямыз. Понтон суда қалқып тұрмақ. Біз су деңгейін жоғалтпау үшін осындай шешімге келдік. Яғни, тіршілік көзінің деңгейі төмендесе, әзірлеп жатқан жабдығымыз бірге төмендейді. Нәтижесінде үнемі су болады. Мұның барлығы алдын ала ойластырылды. Әзірге, осындай жұмыстармен айналысамыз. Кейін бірінші сатыға көтеру сорғы станциясын қалпына келтіреміз.

Сайран Ысқақовтың айтуынша, цехтағы жұмыстар кешке дейін аяқталмақ. Содан кейін мамандар резервтік сорғы станциясын орнатуға кіріседі. Тілдесу барысында аймақ басшысы су тартыла бастаған шақта жағажайды тазалау ісін қолға алуды тапсырды. Роман Скляр мен Ғауез Нұрмұхамбетов қалаға кіреберістегі бақылау-өткізу бекетіне де барды. Мұнда су тартылып келеді.

 

Байболат Құлтанов