ТЖ

Ойқала ықшам ауданы су сору құрылғыларының көмегімен құрғатылады

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мен облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қайықпен Ойқала ықшам ауданындағы су тасқынының ауқымын бағалады. Қазір шағын ауданның негізгі бөлігі суда тұр.

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Екі күн бұрын Есіл өзеніндегі су деңгейі төмендей бастады. Су кеткенде Ойқала жабық “қазанның” күйін кешеді. Сондықтан бөгеттер арқылы су айдау үшін мотопомпаларды, сорғыларды және су айдау жабдықтарын барынша тарту қажет болады. Петропавл қаласының әкіміне бұл жұмысты қысқа мерзімде ұйымдастыруды тапсырдым.