Қоғам

Құтқарушылар су басқан аумақтан жүздеген жануарды құтқарды

Табиғи апат кезінде адамдарға ғана емес, жануарларға да ерекше көңіл бөлініп жатыр. Бұл істе құтқарушылар өздерін жақсы қырынан көрсетуде. Олардың көмекшілері – күн-түн демей еңбек етер еріктілер. Осы күнге дейін арнайы топтар су басқан аумақтан жүздеген жануарды құтқарып, арнайы орындарға жеткізген. Ит-мысықтарға тамақ беріліп, қажетті ем-дом да көрсетіліпті.

МАРИНА САМОЙЛЕНКО, СҚО ТЖД штабының бас маманы:

– Қазір су басқан аумақтарда өз ісінің мамандары жұмыс істеп жатыр. Бізге күнделікті хабарламалар келіп түседі. Сол бойынша мекенжайларға шығамыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ешкімнің қараусыз қалмайтынын айтқан болатын. Біз ешбір жануарды назарсыз қалдырмаймыз. Олардың кейбірі болған жайттан қорқып, күйзеліске түскен. Көмектесу – біздің міндетіміз. Еріктілерге алғысымыз шексіз.

 

Ақжүніс Мұқатай