Қоғам

Қалаға кез келген көлік түрі кіре алады

Шектеу алынып тасталды! Жақында «Жезқазған-Петропавл» автожолының қалаға кіреберіс тұсын су шайғаны, соған байланысты бірқатар көлік түріне қатынауға тыйым салынғаны белгілі. Бүгін кешкі 17:00-ден бастап бұрынғы қозғалыс тәртібі қайта оралды. Яғни, енді қалаға кез келген жылжымалы мүлік түрі кіріп-шыға алады. Тасқынға байланысты бұл аумақ қатаң бақыланды. Ұсынылған дерекке сүйенсек, су басқан аумақта 3 машинаның моторына су кіріп, істен шығыпты.

ҚАНАТ ӨСЕРБАЕВ, “ҚазАвтоЖол” ҰК” АҚ СҚОФ басшысының орынбасары:

– Су шайып кеткен аумақтын ұзындығы – 500 м, ал тереңдігі 1 метрге дейін жетті. Біз қолдан келген шараның бәрін істеудеміз. Қызметкерлеріміз күн-түн демей осы учаскеде қызмет етті. Қазіргі таңда су деңгейі түсуде.