Қоғам

Гуманитарлық көмек: қабылданған азық-түлік қалай сақталады?

Петропавлға осы уақытқа дейін 330 тоннадай гуманитарлық жүк жеткізілді. Келген заттардың барлығы “Радуга” компаниясының алдында қабылданып, сол жердегі контейнерлерде сақталады. Бірақ, “Контейнерлердің ішіндегі азық-түлік бүлініп кетпей ме?” деген сұрақ туындайды. Бұған осы істің басы-қасында жүрген азаматтардың бірі – аманаттық Болат Данияров жауап берді.

БОЛАТ ДАНИЯРОВ, «AMANAT» партиясы СҚОФ атқарушы хатшысының орынбасары:

– Бізге осы “Радуга” аймағын бергеннен кейін, жергілікті атқарушы органдар 10 контейнер қойып қойды. Біз бірінші кезекте мерзімі тез өтіп кететін тағамдарды жіберіп жатырмыз. Ал мына жердегі картоп, сәбіз дегендер бұзылмайды. Себебі, олардың мерзімі өтетін уақыттарын қарап аламыз. Жақындаса тезірек үлестіруге жібереміз.

Контейнердің іші салқын. Су кірмейді. Қабылданған дүниенің саны да, сапасы да бақыланады.

БОЛАТ ДАНИЯРОВ, «AMANAT» партиясы СҚОФ атқарушы хатшысының орынбасары:

– Күнделікті келген заттарды санаймыз. Санаудың бір қиыншылығы, гуманитарлық жүк болғандықтан, олар дүкеннен келмейді. Тауарлардың сыртында мерзімі жазылған қағазы болмайды.

Күн ысығанның өзінде бұзылмайтын азық-түлік контейнерде әлі сақталады. Жарамдылық мерзімі санаулы өнім мұқтаж жандарға тез таратылып беріледі.

 

Мәдина Қаби