ТЖ

Тіршілк көзінен сынама алынды

Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары күн сайын ауызсудың сапасын тексереді. Облыс бойынша бақылауда 108 су құбыры бар. Мониторинг жүргізу шеңберінде орталықтандырылған және орталықтандырылмаған сумен жабдықтау көздерінен барлығы – 600-ге жуық сынама алынды. Оның 451-і теріс, ал 25-і оң нәтиже көрсеткен.

ӘСЕТ ЖҰМАТАЕВ, СҚО санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:

– Оның 21-і санитарлық химиялық көрсеткіштерге сәйкес келмейді. 4 ауылдық орталықтандырылған су құбырынан оң сынамалар микробиологиялық көрсеткіштер бойынша анықталды. Осы елді мекендерге таза ауыз су әкелу қамтамасыз етілді, сондай-ақ, сумен жабдықтау жүйесін дезинфекциялау және жуу жұмыстары жүргізілуде. Су тасқыны кезінде жұқпалы және паразиттік аурулардың алдын алу мақсатында халықпен және шаруашылық-ауызсумен жабдықтау субъектілерімен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі таңда 142 сынама тексерілуде. Олардың нәтижелері кейін белгілі болады. Зерттеу нәтижелері бойынша бүгінгі таңда жұқпалы аурулардың туындау, таралу қаупі жоқ.

ӘСЕТ ЖҰМАТАЕВ, СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:

– “Қызылжар су” серіктестігінде өзінің зертханасы бар. Сағат сайын сынамалар алынады. Бірақ, ол барлық фильтрациядан, технологиялық процестен өтіп барып халыққа беріледі. Көп сұрақтар келіп түсуде, мәселен, кейбір көпқабатты үйлерде су ластау деген. Оны түсіну керек. Біраз уақытқа дейін су болған жоқ. Суды қысыммен берген кезде құбырдағы лас қалдықтар қалып, сол сумен кетіп жатыр. Осы 2 күнде су таза.

Кешеден бері су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар біржолғы төлемге және залалды өтеуге өтініштерін жазуда. Өтініш екі мекенжай бойынша қабылданады. Олар: Театральная, 36 мен Қазақстан Конституциясы көшесі, 23-те орналасқан нысан.

ҚАЛИЯ ТҮРЕНОВА, Петропавл қаласы әкімінің орынбасары:

– Ал өңірдегі ахуалға келетін болсақ. Облыс бойынша 2 мыңнан асы үйді топан су басты. 14 мыңнан аса адам эвакуацияланды. Оның 600-ден астамы үйлеріне оралды. Өңірдегі жолдарың 69 учаскесін тасқын шайған. 11 учаскеде әлі су тұр.

 

Гүлден Сембаева