Құқық қорғау органдары

Су тасқыны кезінде алаяқтар көбейді – полицейлер

Қызыл сумен қулар көбейді. Қазір тасқыннан зардап шеккендерге көмек жинау туралы әр үшінші хабарландыру – алаяқтық әрекет дейді полицейлер. Жуық арада осындай жалған ақпардың 50-і анықталған. Оның барлығы әлеуметтік желіден жойылды, жалған ақпар таратушылардың нөмірлері бұғатталды. Тәртіп сақшылары тұрғындарды айлакерлерге алданып қалмай, тек ресми дерекке ғана сенуге шақырады. Белгілі бір хабарлама күмән тудырған жағдайда оның рас-өтірігін экранда көрсетілген Whatsapp нөмір арқылы білуге болады. /+7747 429 0203/