Қоғам

Тұрғындарға гуманитарлық көмек үш жерде таратылады

Өңірге күніне 10-ға жуық гуманитарлық жүк тиелген көлік келеді.
Көмек белгілі бір орындарда қабылданып алады, ал халық оны нақты қай жерден ала алады? Осы істің басы-қасында жүрген облыстық ҚХА төрағасының орынбасары Елена Семидоцких гуманитарлық көмек мұқтаж жандарға үш жерде таратылатынын айтты.

ЕЛЕНА СЕМИДОЦКИХ, СҚО ҚХА төрағасының орынбасары:

– Өңірге келген гуманитарлық көмек “Радуга” компаниясының алдында қабылданады. Қабылданған дүние халыққа тарату мақсатында үш жерге бағытталады. Олар: Қызылжар ауданы, облыстық ассамблея ғимараты және жастар ресурстық орталығы. Біз жүкті қабылдап, эвакопункттерге, зардап шеккен жандарға үлестіріп береміз. Барлығын тізім, құжат бойынша қарастырамыз. Бір орыннан көмек алған азамат қатарынан қайта екінші жерге бара алмайды. Себебі, зардап шеккендердің барлығын қамтуымыз қажет.

 

Мәдина Қаби