Аптадағы маңызды жаңалықтар

Облыс әкімі әскери қызметшілермен кездесті

Су тасқынымен күрес жұмыстарына қазір бірнеше өңірдің әскерилері жұмылдырылған. Оларға жататын орын мен асхана ұйымдастырылған. Өңірге Астана және Қарағанды әскери бөлімдерінен 600-ден астам әскери қызметші келген. Олар Петропавл және Бескөл ауылында орналастырылған. Әскерилер ыстық тамақ, жылы жатын орын және құрал-саймандардың барлығымен қамтылған.

САҒАТ ЕЛЕУКИНА, «Парасат» мектеп-лицейінің директоры, Қызылжар ауданы:

– Жалпы, су тасқынына байланысты елде түгелдей дерлік гуманитарлық көмек көрсетілді. Сондықтан, түгелдей дерлік осы жердегі солдаттарға перчаткаларын сол сияқты қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп жатырмыз. Перчатканы кім берді? Бізде гуманитарлық көмектер келіп жатыр.

«Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы Ержан Ыбыраев әскерилердің хал-жағдайы жайлы баяндап берді. Әскерилер үш мезгіл тамақтанып, құрал-саймандардың барлығымен қамтамасыз етілген. Су тасқынымен күресу жұмыстарында бірде-бір әскери қызметші ауырып сырқаттанбаған. Дәрі-дәрмек толық мөлешерде бар.

ЕРЖАН ЫБЫРАЕВ, «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы:

– Барлық әскерилерді бір мезгілде тамақтандыра алмаймыз. Барлығы кезекпен астарын ішеді. Біз мезетте 50-60 адам тамақтанады. Күндізгі уақытта жұмыс жасап жатқан жерге тамақ жеткізіледі. Асхана тәулік бойы қызмет атқарып тұр. Әскерилер керек-жарақтың барлығымен қамтамасыз етілген.

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр, басшыларға әскерилердің денсаулығына аса назар аударуды тапсырды. Қазіргі таңда әлеуметтік желілерде, әскерилердің жағдай жайлы тарап жатқан қауесеттерге жол болдырмауын талап етті.

РОМАН СКЛЯР, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары:

– Біз Ғауез Торсанұлы екеуіміз әрдайым әскерилердің хал-жағдайымен танысып тұрамыз. Барлығы резенке етік, қолғап, жатын орын және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген. Бірақ, әлеуметтік желіде әскерилердің қолдарында қолғап жоқ, жалаң қолмен жұмыс істеп жүр деген қауесет тарауда. Ондай жағдайға жол бермеулеріңізді талап етемін.

Әскерилер күнделікті медициналық көмектен өтеді. Әскери дәрігерлер сарбаздардың денсаулығын жіті назарда ұстауда. Қажет болған жағдайда сарбаздар еріктілер штабынан немесе жергілікті атқарушы органдардан жедел көмек ала алады. Кездесу барысында Роман Скляр әскери қызметшілерге еңбегі және табиғи апатқа қарсы күрестегі көмегі үшін алғысын білдірді.