Қоғам

Мыңға жуық адам төлем алуға өтініш берген

Кеше мыңға жуық азамат біржолғы төлем және келтірілген шығынның орнын толтыруға өтініш берген. Барлығы екі бағыт бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері 2 мыңға жуық өтініш қабылдады. Табиғи апаттан зардап шеккен 97 петропавлдық несиелерін төлеуді кейінге қалдыруға өтініш жазған. Бүгін залалды өтеуге тағы 138, біржолғы әлеуметтік көмек көрсетуге – 139, несие мерзімін кейінге қалдыруға 10 өтініш қабылданыпты.

ДАНИЯР АСЫЛБЕКОВ, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы:

– Азаматтардың басым бөлігі бірінші күні өтініш білдірді. Бүгінде өтініш берушілер саны азайды. Қазір кезексіз қабылдаймыз. 5 кабинет жұмыс істеп тұр. 30 қызметкер өтініш қабылдайды. Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері өз-өзіне қызмет көрсету аймағында жұмыс істейді, құқық туралы анықтамалар береді, банк қызметкерлері өтініш берушілерге шот нөмірлерін берумен айналысады. Төтенше жағдайлар департаменті құжаттар тізімін дайындап, бізге береді. Содан кейін әлеуметтік көмек тағайындалады.

 

Ақжүніс Мұқатай