Қоғам

Ғ.Мүсірепов ауданында тасқынның беті қайтуда

– Ребята вот, как бы, охраняют. – Да, молодцы, этот мальчишечка вообще молодец. – Помогает, смотрю? – Помогает деду, ну.

Ғ.Мүсірепов ауданында тасқынның беті қайтуда. Новоишимское ауылының тұрғындары күндіз үйлеріне келіп, ақырындап ретке келтіруде. Ал түнгі уақытта туыстарына баруға мәжбүр. Зардап шеккен баспаналарға оралуға әлі ерте, іші толықтай кеппеген. Су кетті, жұмыс қалды. Полицейлер болса бұрынғысынша ауыл тұрғындарының мүлкін күзете отырып, тәулік бойы кезекшілік етеді.

– Уважаемые граждане! Попрошу покинуть опасную зону во избежание гибели. … опасно! Не подходим к обрыву! 

Тәртіп сақшылары ауылдың барлық тұрғынымен таныс. Мамандар халыққа үнемі хабарландыру жасап отырады.

– Анатолий Николаевич. Знаете, да, задача наших сотрудников полиции – охрана общественного порядка, от мародёров, чтоб имущество после половодья этого весеннего, было всё в порядке. В принципе, вопросов нет, всё на месте, да? – Всё на месте.

Қазіргі уақытта аудан орталығы мен Червонное ауылы арасындағы жол жіті бақылауда. Полиция қажет болған жағдайда көмек көрсету үшін жақын маңда кезекшілік атқарады. Новоишимское мен Привольный ауылдарының арасындағы көпір жанына жеке пост қойылды. Мұнда адамдар ағып жатқан суға қарау үшін жиі тоқтайтын көрінеді. Алайда, қазіргі таңда бұл өте қауіпті. Жалпы, ауданда ахуал тұрақты.

 

Мәдина Қаби