Қоғам

Жалған ақпарат таратқан екі адам анықталды

Tik tok пен мессенджерлерде тасқынға байланысты жалған ақпарат тарататындар баршылық. Жақында интернет кеңістігінде Петропавлдың су басқан ауданында қасқырлар мен жабайы қабандар пайда болды, сонымен қатар, ұл мен қыз суға батып кетті деген ақпар тарады. Бұның барлығы – өтірік. Тек ресми ақпарға сенуге шақыратын тәртіп сақшылары 2 суайтты тауыпты. Бүгінде олардың үстінен әкімшілік материал жиналып жатыр. Елді дүрліктіргендерге 20 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынуы мүмкін.

 

Мәдина Қаби