Қоғам

Су тасқынынан зардап шеккен жандарға арналған қоғамдық штаб құрылды

Өңірімізде су тасқынан зардап шеккен жандарға арналған қоғамдық штаб құрылды. Басты мақсат – қиыншылыққа тап болған адамдарға түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Бұл ұйымға депутаттар, жастар, партия өкілдері, дін қызметкерлері, заң және қаржы саласының мамандары кіреді.

АРМАН БЕРДАҒҰЛОВ, қалалық мәслихат төрағасы:

– Біз қазір қалалық мәслихат депутаттары халықпен кездесу жұмысына кірістік. Қазіргі таңда қаламызда 12 эвакопункт бар. Әр күн сайын барлығын аралап шығып, түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз.

Қазіргі таңда қалалық эвакуациялық пункттерде 700-ге жуық тұрғын бар. Қоғамдық штаб мүшелері әр қосынға барып, ондағы адамдардың хал-жағдайларын білуде. Олар түсіндірме жұмыстарын жүргізіп қана қоймай, тұрмысқа керекті заттарды жеткізіп жатыр.
Мәжіліс депутаты Еркебұлан Мәмбетовтің сөзінше, барынан айырылған жандарға төлемақы қарастырылған. Тек тиісті құжаттарды жинаса болғаны.

ЕРКЕБҰЛАН МӘМБЕТОВ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Ағын судан зардап шеккен жандармен күніге кездесудеміз. Облысымыздың су басқан аймақтарын да аралап шықтық. Бізге әр тұрғынның амандығы маңызды.

Халық қалаулылары теріскейліктермен кездесіп, көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауап берді.