ТЖ

Полицейлер су басқан аумақтарды патрульдеуде

– ДП патрулирует данный участок. Подайте сигнал! Если есть тут оставшиеся люди, подайте сигнал!

Бұл – полицейлердің браконьерлікпен күресте қолданатын қайықтары. Енді олар су басқан аумақтарды аралауда пайдаланылуда. Штурвалда – табиғат қорғау полициясының қызметкері Виталий Охрименко. Су астында – Тепличное көшелері.

ВИТАЛИЙ ОХРИМЕНКО – СҚО ПД ЖПҚ табиғат қорғау полициясы тобының аға инспекторы:

– Лесхоз мен Тепличное аумағын патрульдейміз. Кейбір тұрғындардың үйлерінде ит-мысықтары қалған. Бұндай жағдайда иесімен бірге шығамыз. Олар жол көрсетеді. Жануарларды тауып алып, бері қарай шығарамыз.

Полицейлер су басқан аумақтарды осылай патрульдеп жүр.
мамандар қайықтарына тіпті «Polisia» деген арнайы жазба жапсырған.

ДӘУРЕН ЫБЫРАЕВ – қалалық ПБ екiншi полиция бөлiмiнiң бастығы:

– Қазіргі таңда Петропавл қаласының қызметкерлерімен Куйбышева роща ауданында 456 адам эвакуацияланды, 156 үй күзетке алынды. Құқықбұзушылықты болдырмау үшін барлық іс-шаралар жүргізілуде. Жалпы, жағдай қалыпты.