Аптадағы маңызды жаңалықтар

Мемлекет басшысы Петропавл су торабына барды

Мемлекет басшысы іргетасы 1973 жылы қаланған Петропавл су торабына да барды. Мұнда Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов табиғи апатқа қатысты баяндама жасады. Аймақ басшысының айтуынша, өңірдегі су тасқынына Есіл өзені мұзының еруі және Ақмола облысынан ағын судың келуі себеп болған. Қазір аққайыңдар өлкесінде тасқынға қарсы іс-шараларға 2500 ерікті белсенді қатысып жатыр. Жүздеген тонна гуманитарлық көмек те келді.

 

Байболат Құлтанов