Аптадағы маңызды жаңалықтар

Мемлекет басшысы өңірдегі су басқан аумақтарды тікұшақпен аралап көрді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың облысқа жұмыс сапары Қызылжар ауданын, Петропавл қаласының төңірегін және Сергеевка су қоймасын тікұшақпен аралап көруден басталды деп хабарлайды Akorda.kz. Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов Мемлекет басшысына Қызылжар, Есіл, Шал ақын аудандары мен Петропавл қаласындағы су тасқынына қатысты жағдайды баяндады. Алты ауданда төтенше жағдай жарияланған. Қазіргі таңда 2 мыңнан астам үйді су басып, 10 мың 345 адам эвакуацияланған. Су тасқынына қарсы шараларға 5 мыңнан астам адам және мыңға жуық техника жұмылдырылған. Халықтың тұрмыс-тіршілігіне қажетті инфрақұрылымдарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Табиғи апаттан зардап шеккен азаматтардың материалдық шығындарын есептеу және өтеу жөнінде комиссия құрылған.

 

Ақжүніс Мұқатай