ТЖ

Қызылжар ауданында тағы үш ауылдың тұрғындарын эвакуациялау жұмысы жүріп жатыр

Есіл өзенінің арнасынан асуына байланысты Қызылжар ауданындағы Соколовка, Большая Малышка және Долматово ауылдарының тұрғындары эвакуация жұмыстары жүріп жатыр. Алғаш аталған елді мекенде кеше түнде 18 адам көшірілді, барлығы 42 тұрғын эвакуацияланды. Ал Большая Малышкада 24 сағаттың ішінде 70 адам эвакоқабылдау пунктіне орналастырылды. Аталған елді мекенен барлығы – 150 адам өз үйін тастап кетулеріне мәжбүр болды. Долматовода эвакуациялау жұмысы әлі жалғасып жатыр. Ольшанка тұрғындары көшірілді. Қауіпсіз жерге шығарылған адамдардың кейбіреуі Якорь орта мектебінде орналасқан қосынға барса, қалғаны туыстарын таңдаған. Аудандағы эвакуациялық іс-шараларға әскерилер, әкімдік қызметкерлері, еріктілер мен өзге өңірлерден келген төтенше жағдайлар қызметінің мамандары жұмылдырылды. Ауданда 6 бірдей ауылда эвакоқабылдау пункттері құрылған.

 

Гүлден Сембаева