Kurultai banner mobile

Қоғам

Гуманитарлық көмек таратылатын жерде адам ұрған қала тұрғыны қамауға алынды

Гуманитарлық көмек тарату пунктінде жұдырық ала жүгірген ер адам жауапкершілікке тартылды. Мәселе сол жерде қала тұрғындарының арасында туындаған жанжалды түсіруден басталған. Қолына телефон ұстаған 37 жастағы ер адам одан көріністі түсірмеуді өтінген 30 жастағы петропавлдықты соққының астына алған. Аталған факті бойынша әкімшілік материал жиналды. Жұдырық ала жүгірген ер адам соттың шешімімен 15 тәулікке қамауға алынды.

 

Гүлден Сембаева