Қоғам

Жергілікті зауытта жиналған дрондардың көмегімен 15 адам құтқарылды

Мына техника тасқын судың ортасында қалған 1 емес 15 адамды байқап қалған. Оқиға қала маңындағы Заречный кентінде әрі түнде болды. Мамандар дронмен аталған елді мекеннің үстінен түсіріп, шолу жұмысын жүргізген. Нәтижесінде бір топ адамның өмірі құтқарылды.

АНДРЕЙ ПОЛУЯН, “ПАЖЗМ” АҚ учаскесінің аға бригадирі:

– Түнде Заречный кентінің үстінен түсірілім жасадық. Су тасқынынан зардап шеккен елді мекендердің арасына кіргендіктен шолу жасап көрмек болдық. Нәтижесінде 15 адам табылды. Біз бірден полицейлдер мен төтенше жағдай қызметкерлеріне хабарластық. Олар тұрғындарды эвакуациялады.

Дрон – жаңа заманның жетістігі. Бүгінде Петропавл ауыр машина жасау зауытынан су тасқынымен күреске құрылғының 4 моделі жұмылдырылған.

АНДРЕЙ ПОЛУЯН, “ПАЖЗМ” АҚ учаскесінің аға бригадирі:

– Біз бірінші дронмен белгілі бер жерде түсірілім жасаймыз. Сосын карта құрып, бейнежазба арқылы мәлімет аламыз. Дрондар жүк көтере алады. Мысалы, мына түрі 5 келіге дейінгі затты көтеруге қауқарлы. Өзі оператордан 50 шақырымға дейін аралыққа ұша алады.

Жаңа заманның өнімі барлау жұмыстарын жүргізуде тиімді. Ол – табиғи апат кезінде адамдарды іздестіріп, анықтауда таптырмас құрал.

 

Ақжүніс Мұқатай