ТЖ

Өңірде су басқан үйдің саны 2122 жетті

Өңірде су басқан үйдің саны 2122 жетті. Өкінішке қарай, бір тәуліктің ішінде тізімге 436 баспана қосылып отыр. Оның басым бөлігі – Петропавлдың шеткері орналасқан аудандарындағы нысандар. Соңғы дерекке сүйенсек, аймақта жалпы 10345 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Ал эвакуацияланған малдың басы 3800-ден асып кетті. Жолдарға тоқталсақ, 15 сәуір 6:30-дағы дерек бойынша өңірдегі жолдарың 69 учаскесін тасқын шайған. 17 учаскеде әлі су тұр. Мамандардың хабарлауынша, Сергеев қоймасындағы көрсеткіш төмендеп келеді. Қазір ернеуінен асқан судың биіктігі 275 см-ді құрайды.