ТЖ

«Қызылжар су» ЖШС сорғы станциясын су басты – жалған дерек

«Қызылжар су» серіктестігінің сорғы станциясын су басты. Түске таман әлеуметтік желілерде осындай ақпар тарады. Алайда, желіде желдей ескен деректі қала әкімінің баспасөз хатшысы Әсем Айтулова жоққа шығарды. Оның сөзінше, бұл – Қызылжар ауданына қарасты Кривозерка ауылында орын алған жағдай. Жергілікті билік тұрғындарды ресми деректерге ғана сенуге шақырады.

ӘСЕМ АЙТУЛОВА, Петропавл қаласы әкімінің баспасөз хатшысы:

– Барлығы да штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Тұрғындар жаппай су алуда. Соған байланысты су азайды. Тұрғындар ресми ақпарат көздеріне сенуі тиіс.

 

Байболат Құлтанов