Спорт

“Қызылжар” ФК кезекті ойында жеңіске жетті

Петропавлдық “Қызылжар” футбол клубы ел кубогы аясында шымкенттік “Академия Оңтүстік” командасын тізе бүктірді. Сырт алаңда өткен матч 1 де 2 есебімен жерлестеріміздің пайдасына шешілді. Теріскейліктер сапынан португалиялық жартылай қорғаушы Рубен Бриджидо мен Мәди Хасейн көзге түсті. Тартысты өткен ойынның бірінші таймында алаң иелері басымдық танытты. Ал келесі 45 минут ішінде “Қызылжар” командасы камбэк жасап, алдағы кезеңге жолдама алды. Жергілікті клуб ендігі кездесуді ел чемпионаты аясында сәуірдің 20-сі күні Шымкент қаласында өткен жылғы жеңімпаз “Ордабасы” командасына қарсы өткізеді.