Қоғам

Қалада гуманитарлық жүк жинайтын жаңа қойма ашылды

Бұл – Чкалов көшесі, 48 мекенжайындағы қойма. Нысан киім-кешек, азық-түлік, су мен тұрмыстық заттарға толы. Санына жету қиын. Барлығы өңірдегі топан судан зардап шеккен халықтың игілігіне орай жиналған. Бастаушы топ – облыстық ассамблея жастары. Кешеден бері жалындаған қыз-жігіттер еліміздің түкпір-түкпірінен жүк тиелген ауыр көліктерді күтіп алып, заттарды орналастыруда. Бірнеше сағаттан кейін Көкшетау қаласынан келетін кезекті гуманитарлық жүкті түсіріп алмақ.

ДАРИҒА СМАИЛОВА, “Жастар ассамблеясы” РҚБ СҚОФ басшысы:

– Кешегі күннен бастап Чкалова, 48 мекенжайында гуманитарлық жүк жинайтын жаңа нүкте ашылды. Көкшетау мен Астана қаласынан заттар келді. Бұл заттар ең бірінші қалаға жақын орналасқан елді мекендерге жөнелтіледі. Содан кейін аудандарға кетеді.

 

Ақжүніс Мұқатай