Аптадағы маңызды жаңалықтар

Роман Скляр күшейтілген режимде жұмыс істеуді тапсырды

Ең алдымен Роман Скляр мен Ғауез Торсанұлы «Қызылжар Су» ЖШС-гі су тазартқыш ғимаратына барды. Себебі, әлеуметтік желілерде өңірдегі су ластанды, оны мүлде ішуге болмайды деген ақпараттар тараған еді. “Қызылжар су” серіктестігі су сынамаларын алған. Нәтижесінде, су құрамынан ешқандай зиянды бактерия табылмаған.

МЕРУЕРТ ХАЯРОВА, “Қызылжар су” ЖШС зертхана меңгерушісінің орынбасары:

– Біз қазір Есіл өзенінің және ауыз сулардың құрамын тексеріп, сынама алуды арттырдық. Күн сайын судың 50-60 сынамасы тексеріледі. Жалпы, нәтиже бойынша Есіл өзенінің ластанғанына қарамастан ауызсу барлық санитарлық талаптарға сай. Құрамы таза.

Кейін Роман Скляр кәсіпорындағы екінші деңгейдегі сорғы станциясы бөгеттерінің қорғаныс қабілетін тексерді. Бұл сорғы станциясы биіктігі 1,5 метр болатын 450 метрге жететін бөгетпен қоршалған.

– Да закрыли все. По нашей подъем они так посчитали. В запасе есть 4,5 метров. Вода еще до дамбы не дошла.

РОМАН СКЛЯР, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары:

– Қандай жағдай болмасын бірінші деңгейдегі сорғы станциясы жұмыс істеп тұруы керек. Қазіргі таңда барлық бөгеттер тұрғызылды. Арнайы кезекшілік топтар құрыңыздар. Су тасқыны кезінде сіздерде ешқандай қиындық болмауы керек. Сондықтан, дайындықты күшейтіңіздер.

Кейін жиналғандар екінші нысан – «Есіл су» ЖШС-ға барды. Мұндағы су желілерінің жалпы ұзындығы – 3173 шақырым. Оның 2 100 км-ден астамына ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген.

НИКИТА ЗАБАВИН, «Нұра топтық су құбыры» РМК «Есіл су» филиалының бас инженері:

– Біз қазір Соколов топтық су құбырында тұрмыз. 12,5 мыңнан астам адам тұратын 18 елді мекенді сумен қамтамасыз етеміз. Жалпы, кәсіпорында Есіл, Пресновка, Булаев топтық су құбырлары бар және «Көкшетау» өнеркәсіп кешені бар.

«Есіл су» филиалының бас инженері Никита Забавиннің айтуынша, кәсіпорын су тасқына толықтай дайын.

– Это фотография с какого года?
-2017 год. Когда вот как раз пик был.
– В этом году уровень выше будет
– Мы готовы. Питантие т.д ….. все организовали.

Облыс әкімі мен вице-премьер кейін Былғары зауыты ықшам ауданына барды. Қазір мұнда арнайы кезекші топтар құрылып, мониторинг жүргізіп жатыр. Төтенше жағдай жарияланған кезде мұнда бірде-бір адам болмауы керек.

– Полностью проверили. Никого нет…..
– Если кто-то появляется несознательные люди. Сразу же в суд. Пусть суд принимет по ним решение. За нарушения режима ЧС. Наказывайте.

Қазіргі таңда өңірде 250 полицей және Ұлттық ұланның 200-ден астам сарбазы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.