ТЖ

Петропавлда жиналатын дрондар су тасқыны кезінде қолданылуда

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мен облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Жедел штабтың жұмысын тексерді. Орталықты
жергілікті «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» су тасқыны қаупі жоғары аймақтарды барлау үшін тепловизоры бар дрондармен және ұшқышсыз ұшу аппаратымен қамтамасыз етті.

Роман Скляр технологиялық мүмкіндіктерді пайдаланып, тасқын қаупі бар аймақтағы судың толып кету деңгейін нақты уақыт режимінде бақылауға кірісуді тапсырды.

Атқарылып жатқан жұмыстардың есебін тыңдаған Премьер-Министрдің бірінші орынбасары аумақты суретке түсіру және деректерді ішкі радиобайланысы бар картаға 2D форматында лезде жіберу үшін барлау дрондарын белсенді пайдалану қажеттігін атап өтті.

 

Байболат Құлтанов