ТЖ

ПД бастығы су тасқыны алдында жеке құрамның дайындығын тексерді

Болжам бойынша алдағы аптадан бастап күн күрт жылымақ. Сәйкесінше, су тасқыны қаупі күшейеді. Сондықтан, құқық қорғаушылар тілсіз жаудың алдын алу үшін білек сыбана кірісіп кетті. Мына сап түзеген шенділер құрал-жабдықтарын түгендеп, қала шетіндегі елді мекендерге көмек көрсетуге жөнелтілмек. Олардың дайындығымен облыстық полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов танысты. Бүгін таңертең бас полицей Былғары зауыты кенті, Тепличное мен Прибрежное ауылдарын аралап шықты. Заречныйдағы саяжайларды атты полиция бақылауға алған.