ТКШ

Облыс орталығында судың тоқтау себебі анықталды

«Қызылжар су» серіктестігінің басшылығы облыс орталығының аудандарында судың тоқтап қалуына қатысты пікір білдірді. Кәсіпорынның атқарушы директоры Арман Сауытов тұрғындарға үндеу жасап, байбаламға салынбауға шақырды.

АРМАН САУЫТОВ, “Қызылжар су” ЖШС атқарушы директоры:

– Бүгін сағат 9:55-те «Қызылжар су» серіктестігінің 1-көтергішіне қарасты сорғы станциясында апатты жағдайда электр қуаты үзілді. Қазіргі уақытта энергетиктер қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, су беру сорғы станциясына электр жарығы берілгеннен кейін қалпына келтіріледі. Қаланың барлық әлеуметтік нысандары ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Қала тұрғындарын үрейленбеуге және тек ресми ақпаратқа сенуге шақырамын.

 

Мәдина Қаби