ТЖ

Су тасқынына қарсы іс-шаралар

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Абай мен Жамбыл көшелерінің қиылысында зақымдалған коллекторды тексерді. Жүйенің техникалық жай-күйін көрген өңір басшысы жұмыстағы ақауларды жақын арада жою керектігін айтты.

-Перекачиваем, как сейчас делаем, и он по нему должен идти. Тогда у нас получится.
– Мы говорим «качество», но это все неудобство. Конечно, быстрее надо, оперативнее.
– Максимально будем стараться
– Но и качественно – в первую очередь.

«Қызылжар су» серіктестігінің бас директоры Жеңіс Сұлтанов зақымдалған коллекторды жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтады. Дегенмен, барлық ақауларды сапалы жою үшін біраз уақыт қажет.

– Мы сейчас склеили трубу 460 метров. И Мира и Жабаева будем.
– А за раз сколько можно?
– Сразу почти 500 метров тянем.
– 500 можно тянуть? ».
– Можно, просто хотел попросить у вас еще два-три, здесь должен приготовить я.
– Качественно надо.

Әкім мен бірінші вице-министр аралаған келесі нысан – СҚ Электржелістік Тарату компаниясы болды. Су тасқыны қаупі бар кезеңде өңірдің кейбір елді мекендері электр қуатынсыз қалғаны белгілі. Еріген судың қатты ағынымен ағып жатқан мұздың үлкен бөліктері кейбір магистральдарға зақым келтірді. «Севказэнерго» басшысының айтуынша, бұл мәселе шешілуде.

АНАТОЛИЙ КАЗАНОВСКИЙ, «Севказэнерго» АҚ бас директоры:

– Біз қазір жеткізушілермен жұмыс жасаудамыз. Бізде жетпіс негізгі тірек бар, ондағы зақымдануды тексере алдық. Бұл 35-10 магистральдық желісі, оның ұзындығы 24,5 км құрайды. Ал зақымдалған ұзындығы – 8.1 км және мыңнан астам оқшаулағыш бар.

Өңір басшысы өз кезегінде төтенше жағдайлар туралы дереу хабарлау қажет екенін атап өтті. Ғауез Нұрмұхамбетов түрлі оқиғаларда, әсіресе, осындай кезеңде жедел әрекет етудің маңыздылығын атап өтті.
Мамандардың айтуынша, облыстағы электр желілері бойынша орын алған бірде-бір мәселе су тасқынымен еш байланысы жоқ. Қазіргі уақытта электр желілерін табиғи құбылыстардан қорғау үшін барлық күш-жігер жұмсалуда.

ЯКОВ КУХАРЕНКО, орталық диспетчерлік қызметтің диспетчері:

– Қазіргі уақытта бізде күрделі учаскелер бар. Мысалы, Жаңажол станциясында Шал ақын аймақтық электр желісі бізде қуатсыз қалды. Шағын жол сызығының зақымдануы орын алды. Резервтік қуат жоқ. Генераторларды орнату және тұтынушыларға кернеу беру туралы шешім қабылданды.

«Севказэнерго» АҚ басшысы айтқандай, су тасқынының алғашқы күндерінде барлық қажетті шаралар қабылданды, соның ішінде табиғи құбылыстарға бейім аймақтарда дизель генераторлары орнатылған. Жұмыс бүгінгі күнге дейін жалғасуда. Бірінші вице-премьер облыста электр жолдарының кейбір учаскелерінде белгілі бір жұмыстарды дереу жүргізу қажет деді. Уақытты ысырап етпеу үшін қағазбастылыққа назар аударудың қажеті жоқ.

РОМАН СКЛЯР, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары:

– Мен сіздерге тиісті жұмысты атқаруды тапсырамын. Дәл қазір бастаңыздар. Менен емес, министрліктен тапсырма аласыздар. Мен министрлікке нұсқау бердім. Дереу бастаңыздар. Бюрократиялық процедураларды күтпей, ертерек айтып, кірісу керек еді. ТЖ режимі жарияланды ғой.

Тұрақты кезекшілікте 46 авариялық бригада бар, оның 14-і облыс орталығында. Бүгінгі таңда төрт елді мекен дизельдік генераторларда жұмыс істейді, олардың үшеуінде сегіз сағаттық режимде, ал бірінде 100%-дық режимде энергия беру қамтамасыз етіледі.

 

“Первый Северный” телеарнасы