Аптадағы маңызды жаңалықтар

Су тасқынына қарсы дайындық тексерілді

– Сколько резерв даст с учетом сегодняшней работы? В пределах 1,30-1,40 резерва. Что мы можем сократить, работая в круглосуточном режиме, с добавлением машин? С двух сторон засыпать и в течении двух дней засыпем, это мы уже максимально рассчитали.

Сондай-ақ, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мен өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов Заречный кентендегі бөгетке де барды. Құтқарушылар осы аймақта тұратын 300-ден астам тұрғынды қауіпсіз жерге шығарған. Ал Астанадан көмекке келген құтқарушылар 3 күннен бері Ойқала ықшам ауданындағы бөгетті бекітіп жатыр. Атап өту керек, бұл жұмыстарға қала тұрғындары мен Петропавлдағы ірі ұйымдардың жұмысшылары да өз үлесін қосуда.

РОМАН СКЛЯР, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары:

– Қиын-қыстау кезеңде көмекке келгендеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Жарайсыздар. Мұнда еліміздің барлық өңірлерінен құтқарушылар, әскери қызметкерлер мен ірі ұйымдардың жұмысшылары келген. Жақын күндері қалаға үлкен көлемде су келеді. Сондықтан да дайындалуымыз керек.

Аймақ басшысы «Қызылжар су» ЖШС стратегиялық учаскесі – бірінші көтергіш сорғы стансасын су басу қаупін барынша азайтуды, арнайы техниканы жұмылдырып, бөгетті нығайту жұмыстарын қатаңдатуды тапсырды. Қызылжар ауданы Тепличное ауылында да су тасқынына қарсы шаралар қызу жүріп жатыр. Халықты төтенше жағдайдан қорғау үшін екі кіреберіс жолды жабу туралы шешім қабылданған.

МАРАТ ТАСМАҒАНБЕТОВ, облыс әкімінің бірінші орынбасары:

– Саяжай тұрғындарына хабар берілді. Бүгіннен бастап жолдар жабылды. Адамдар толығымен эвакуацияланды, көпшілігі заттарын алып кетті. Жағдай – полиция департаментінің бақылауында. Саяжайларда бірде-бір адам жоқ.

Прибрежное ауылында да бөгет салынуда.

– Пленку уже начали укладывать. Где будут большая нагрузка там будет выложена пленка и по мимо этого на этом уровне будет выложена солома, рулоны уже внизу. Подъездные пути хорошие.

Роман Скляр облыста қысқа мерзімде жаңа бөгеттер жасалғанын, бұл келесі жылдары да су тасқынынан қорғауды қамтамасыз ететінін атап өтті.

 

“Қызылжар” телеарнасы