ТЖ

Сергеев қоймасындағы су деңгейі төмендеді

Сергеев су қоймасындағы көрсеткіш төмендеді. Бөгеттің ернеуінен асқан судың биіктігі бір күн ішінде 20 см-ге азайып, 3 метр 95 см-ге дейін түсті. Дегенмен, жағаны жайлауға жібере алмаймыз. Шал ақын, Есіл, Қызылжар аудандары мен Петропавл қаласын басып өтетін Есіл өзенінің арнасы сағат сайын толуда. Топан судың алғашқы толқыны облыс орталығына таяп та қалды. Тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру жайына тоқталсақ,
кеше Покровка, Бірлік, Петровка ауылдарынан және Заречный кентінен 600-ге тарта адам арнайы жерлерге және туыстарына орналасқан. Өкінішке қарай, қауіпті кезең басталғалы өңірде 78 үйге су кірді.

 

Мәдина Қаби