Қоғам

Еріктілер жұдырықтай жұмылды

Өңір тұрғындарының қамын жеген жандар. Қолдарына күрек пен қап ұстаған саусақпен санарлық ер азаматтар Хром зауыты кентінде жүр. Олар – “Ресей темір жолы” акционерлік қоғамының өкілдері. Тепсе темір үзерлер кешеден бері су тасқынына қарсы іс-шараға білек сыбана кіріскен. Аз уақыттың ішінде біраз жұмыстың басын қайырыпты. Аталмыш елді мекен тұрғындарының саулығы үшін тынбаймыз дейді.

ЭДУАРД МАТЕВОСЯН, “Ресей темір жолдары” ААҚ өрт сөндіру командасы қарауыл бастығының орынбасары:

– Біз өз жерлестерімізге қол ұшын созуға келдік. Санымыз аз болғанымен, біраз жұмыс жасауға қауқарлымыз. Оның үстіне зардап шегетін біздің өңірдің тұрғындары ғой. Қол қусырып отыруға болмайды. Негізі, көмектесеміз деп ниет білдірген біраз адам болған. Кейбіреуі өз жұмыстарын тастап кете алмады.

 

Ақжүніс Мұқатай