Қоғам

Астанадан кезекті гуманитарлық көмек жетті

Жақында елге танымал жігіт өзінің Инстаграм парақшасында теріскейліктерге көмек қажет екендігі жөнінде жазба жариялаған. Мұны қазақстандықтар елеусіз қалдырмапты. Отандастарымыз 8 сағаттың ішінде 40 тонна қажетті дүние жинапты. Азық-түлік пен киім-кешек, тамақ пен техника. Бұдан өзге де заттар бар.

ӘЛІБЕК ЕРМАҒАМБЕТОВ, блогер, кәсіпкер:

– Қайық, етік және мотопомпа бар. Сондай-ақ, кішкентай балаларға дәрі-дәрімек пен киім-кешек жеткізілді. Хазірет Сұлтан мешітінің жанында көптеген фура тұрады. Сонда осының бәрі жиналды.

Қаламыздың белсенді жастары жеткізілген тауарды арнайы орындарға кіргізуде. Күннің қолайсыздығына қарамастан көмек көрсетуге келген жанның бірі – Қозыбев университетінің студенті Дамир Аманжол.

ДАМИР АМАНЖОЛ, волонтер:

– Жай қарап отыруға болмайды. Себебі, біз – бір елміз, бір бірімізге көмектесу қажетпіз. Волонтер болып бірінші рет шығып отырмын.

Сонымен қатар, Әлібек Ермағамбетовке 3 млн 800 мың теңгедей қаржы жиналған. Одан 450 мың қалыпты. Бұл қаржыға қосымша тауар алынбақ.

 

Гүлден Сембаева