Қоғам

Ассамблеялықтар бөгетті нығайтып жатқан азаматтарды тамақтандырды

Қиын-қыстау кезде өңірімізде белсенді жандар бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, біріге жұмыс істеуде. Қазіргі таңда қаланың әрбір шеткі ауданында бөгеттер нығайтылып, барынша биіктетілуде. Олар таңнан кешке дейін тынбай еңбек етіп, халықты топан судан сақтауға тырысуда. Бөгет басындағы жандарды бүгін ассамблеялықтар барып тамақтандырды.

ЗАЛИБЕК АКОБОВИЧ, «СҚО армян мәдени орталығы» ҚБ төрағасы:

– Біз халықтың қамын ойлайтын, жанашыр адамдардың бар екендігіне шүкіршілік етеміз. Қаһарман жандарға қарап жүрегіңде патриоттық сезім оянады. Ауыр қаптарды көтеру оңай жұмыс емес. Соған қарамастан халықтың қамы үшін деп жанталасып, еңбектеніп жатқан жандарға алғысымды білдіремін. Біз бүгін оларға ыстық тамақ бердік. Қауіптің беті қайтпайынша осы жұмысымызды жалғастырамыз.

 

Мәдина Қаби