ТЖ

Эвакуациядан бас тартқан жағдайда айыппұл салынуы мүмкін – прокурорлар

Эвакуациядан бас тартқан адам өзіне де, жақындарына да төнген қауіпті арттырады. Қазір қызыл су таяса да үйін тастағысы жоқ жандар баршылық.
“Азаматтық қорғау туралы” заңының 50-бабына сәйкес адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қатер төнген жағдайда эвакуациялық іс-шаралар ұйымдастырылады. Осы ретте прокурорлар тұрғындардан қазіргі жағдайды түсініп, эвакуациялық шараларға кедергі жасамауды сұрады.

ТЫНЫБЕК САПАРОВ, қала прокуроры:

– Мүлікті сақтау үшін, полиция қызметкерлері эвакуациялау аймақтарында кезекші жасақтарды орналастырды. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 667-бабына сәйкес құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін орындауына байланысты заңды бұйрығына немесе талабына бағынбауы, сол сияқты олардың заңды қызметіне кедергі келтіру отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе он бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғатынын түсіндіреміз.