Kurultai banner mobile

ТЖ

Тәулік ішінде Есіл ауданындағы ондаған үйді су басты

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті тасқынға қатысты тың деректермен бөлісті. Сергеев қоймасындағы көрсеткіш төмендеді. Таңертең бөгеттің ернеуінен асқан судың биіктігі 4 метр 15 см құрады. Үлкен көлемдегі су Петропавлға жақындап келеді. Жолда Есіл ауданындағы 3 ауылдың 60-қа тарта үйіне кірді. Шұғыл түрде ондаған адам қауіпсіз жерге көшірілді. Оның ішінде 22 бала бар. Сонымен қатар, Шал ақын ауданындағы 6 баспана зардап шекті. Қазіргі таңда аймақта 76 үйді су басқан. Эвакуацияланған адам саны 634-ті құрайды.

 

Байболат Құлтанов