ТКШ

Судың сапасы өзгерді ме?

Краннан ағатын судың дәмі өзгерді ме?. Дәл қазір дүкендегі тіршілік көзін тұтынған абзал ма? Қазір ел арасында, әлеуметтік желілерде осындай сұрақтар жиі қойылып жүр. Көптің көкейіндегі мәселемен арна тілшілері облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментіне жүгінді. Тілшілермен тілдескен мемлекеттік мекеме басшысының орынбасары Татьяна Горлова дүйім жұртты дүрбелеңге салынбауға шақырды. Сарыуайымға салынудың қажеті жоқ. Күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқан сала мамандары барлығын жіті бақылауда. Бүгінгі күнге дейін қандай да бір кемшілік анықталмапты.

ТАТЬЯНА ГОРЛОВА, СҚО санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті басшысының орынбасары:

– Суды тазартып, орталықтандырылған желілерге жеткізуді қамтамасыз ететін кәсіпорындар – «Есіл су» мен «Қызылжар су». «Қызылжар судың» өндірістік бақылауға кіретін өзінің аккредиттелген зертханасы бар. Күніне кем дегенде 32 сынама бактериологиялық және санитарлық-химиялық зерттеуден өтеді. Бәрі тексеріледі. “Краннан аққан судың сапасы төмендеп кетті” деп айтуға ешқандай негіз жоқ.

 

Гүлден Сембаева