Құқық қорғау органдары

Су тасқыны кезінде алаяқтар көбеюі мүмкін – полицейлер

Су тасқыны кезінде интернет-алаяқтар зардап шеккендерге жылу жинау туралы жалған хабарландыру таратуы мүмкін. Мұндай жайттар әлден тіркеліп жатқан көрінеді. Осы ретте полиция қызметкерлері халықты қырағы болуға, қаржыға қатысты қандай да бір ақпаратты мұқият тексеріп алу қажеттігін айтты. Ресми ақпаратқа қана сену керек.

ИВАН ТЕРЗИДИ, СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы:

– Алаяқтарды анықтаудың екі жолы бар. Біріншісі, видео арқылы қоңырау шалу. Әдетте олар беттерін көрсеткісі келмейді. Екіншісі, хабарландыру берушінің телефонына қоңырау шалып, оның нөмірін ақша аударылатын нөмірмен салыстыру қажет. Алаяқтар нақты жарнаманы орналастырады да ақша лақтыратын нөмірді өзгертеді.

 

Мәдина Қаби